Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!