"Денесіне Головкиннің суретін салғызған". Ақтөбелік GGG фанатының тарихы

"Денесіне Головкиннің суретін салғызған". Ақтөбелік GGG фанатының тарихы
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкиннің жанкүйерлері оны мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы трилогияда қолдау үшін Лас-Вегаста жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

Олардың ішіндегі ең танымалдарының бірі - қазақстандық Ержан Тойлыбай. Ол 20 жылдан аса уақыт бойы GGG-ға жанкүйер болып келе жатыр, тіпті денесіне оның суретін салдырған.

"Өзім жас кезімде бокспен айналыстым, Геннадий Головкинді Қазақстан құрамасынан бері қолдадым. Оның бокс өнері ұнайды. Оның алғашқы жекпе-жегі Лондондағы О2 аренасында өтті. Мен ол жерге жұмыстарыммен бардым және жекпе-жекке қатысу сәті түсті. Онда Геннадий өз жұмысын беске орындады, Келл Брукті нокаутқа жіберді. Ал қазір отбасыммен АҚШ-та тұрамын және мүмкіндігінше оның жекпе-жектеріне қатысамын", - дейді Ержан.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов 

Ержанның қыздары АҚШ-та дүниеге келген, бірақ GGG-ға жанкүйер.

"Геннадий Головкиннің жанкүйерімін, сөйтіп, татуировка жасауды шештім. Ол Канеломен алғашқы жекпе-жегін өткізгенде, анық жеңді. Бірақ тең ойын көрсеті деген шешім шығарылды, бұл мені қатты толқытты, сол сәтті есте сақтағым келді. Дәл сол алғашқы жекпе-жекте денеме суретін салғыздым", - деп еске алады Ержан.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов 

Ол денесіне суретті Қазақстанда салғызған. Головкиннің жанкүйері Флоридадан Лас-Вегасқа трилогия үшін келген. Жекпе-жек билеті 800 доллар болған. Бірақ Ержанның жолы болған, өйткені ол бірнеше жыл бұрын кумирімен жеке танысқан.

"Нью-Йорктегі жекпе-жекте рингке көтерілудің сәті түсті. Менде оның суреті болғандықтан, оның менеджерлері мені байқады. Рингте Геннадиймен жеке танысамын. Одан кейін отбасыммен Флоридадағы оқу-жаттығу жиынына бардым. Геннадий Головкин өзінің осындай жанкүйері - ақтөбелік Ержан Тойлыбай бар екенін білгеніне қатты қуаныштымын", - дейді ол.

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов  

Айта кетейік, бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова