Павлодар облысында өртсөндіру көлігі аударылып қалды: бір адам қаза тапты

Павлодар облысында өртсөндіру көлігі аударылып қалды: бір адам қаза тапты
Фото: instagram/sharbaqtyaqparat

Павлодар облысы орманында өртсөндіру көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, арнайы көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Шарбақты ауданы әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланды.

"Бауыртал орман шаруашылығында өртсөндіру көлігі ағашқа соқтығысты. Оқиға орнында 1985 жылы туған адам қаза тапты, ал 62 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен өртсөндіру көлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова