Жұлдыз ба, фаворит пе? Маман Әлімханұлы туралы пікір білдірді

Жұлдыз ба, фаворит пе? Маман Әлімханұлы туралы пікір білдірді
Фото: ©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) кәсіпқой бокстың супержұлдызы атанғысы келетінін айтты, ал боксшылардың Халықаралық даңқ залына сайлаушылардың бірі Майкл Монтеро әлемнің жаңа чемпионы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz

Монтероның пікірінше, Әлімханұлы чемпиондығын әлі де дәлелдеуі керек. 

"Ол жұлдыздарға қарсы жұдырықтасып көрмегендіктен, Жәнібек Америкада қазір бокс "жұлдызы" болып тұр дей алмаймын. Бірақ ол мойымас фавориттер қатарына жататын спортшы бола алады, әрине, егер ол біздің үмітті ақтаса", - дейді Монтеро.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш