Алаяқ өлген адам арқылы 1 миллиард теңге өндіріп алмақ болған

Алаяқ өлген адам арқылы 1 миллиард теңге өндіріп алмақ болған
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда алаяқтар марқұм арқылы 1 миллиард теңге өндіріп алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

Жалған құжаттар негізінде марқұм А. банктік шотынан 1 миллиард теңге мөлшерінде берешектің жоқ сомасын өндіріп алу туралы талап арыз берген алаяқтарға қатысты Медеу аудандық соты үкім шығарды.

Алайда іс жүзінде жәбірленушіде ешқандай қарыз міндеттемесі болмаған. Жеке сот орындаушысының өкімі нәтижесінде банк ақша қаражатын өндіріп алушыға аудару мақсатында сот орындаушысының ағымдағы шотына түсірген.

Алаяқтардың қылмыстық әрекеттерін соңына жеткізуге мүмкіндік бермеген жәбірленушінің жұбайы, дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінген. Нәтижесінде, кінәлі тұлғалар әр түрлі жаза мерзіміне сотталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина