Мұрынға тамызатын тамшылардың қаупі айтылды

Отоларинголог, отоневролог Ольга Малченко мұрынға тамызатын тамшыларды ұзақ уақыт қолдану жүрек проблемаларын туындатуы мүмкін екенін жеткізді. Ол бұл туралы Ura.ru басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Маман жеті күннен артық суыққа қарсы мұрынға тамызатын тамшыларды қолдану тәуелділікке әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтады. Дәрігердің сөзінше, адам оларды үнемі қолдана берсе, уақыт өте келе мұрын шырышты қабығының құрылымы өзгере бастап, тамырлар өседі.

"Адам анатомиялық өзгерістерге байланысты тамшыларсыз өмір сүре алмай қалады. Тәуелділікті былай қойғанда, тамшылар бүкіл денеде орналасқан адренал рецепторларына әсер етеді. Яғни барлық тамырға, соның ішінде миға, жүрекке салмақ түседі", - деп толықтырды Мальченко.

Сонымен қатар, маман мұндай нәрселерге тәуелділік инсультке әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл қауіп адамда тәуелділік болған кезде басталады.

"Адамда жүрек проблемалары, гипертония туындауы мүмкін. Тамырларға салмақ түскен кезде варикоз дамуы да мүмкін", - деді Мальченко.

Маман мұрын тамшылары адам ағзаларының жұмысына теріс әсер ететінін атап өтті.

"Адам тамшыларды қолданбаған кезде, тамырлар толық қысқара алмайды. Олар кеңейіп, мұрын ісінеді. Яғни, бір жағынан бұлшықет тамырлары нашарлайды, екінші жағынан олар кеңейеді", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!