Елорда әуежайының атауы өзгеруі мүмкін бе?

Елорда әуежайының атауы өзгеруі мүмкін бе?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Әділет министрі Қанат Мусин елорда әуежайының атауын кім өзгерте алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оған атау беру, осы есімді беру туралы шешім қабылдаған адам. Әуежай әкімшілігі немесе Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, кім қабылдаса, сол... Бұл Парламенттің және Конституцияның өкілеттіктеріне қатысты емес", - деп жауап берді Мусин.

Бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекеттілікті нығайтудағы еңбегін жоққа шығармайтынын атап өткен болатын.

"Елордада оның есімін халықаралық әуежайға, бірнеше ескерткішке, саябаққа, оқу орнына беру - құрмет. Халықтың басты талабы - кезінде берілген астананың бұрынғы атауын қайтару", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 2017 жылғы маусымда Нұр-Сұлтан әуежайының атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова