"Базар жоқ, өтті". Желіде туған күнінде Головкиннің жеңісін тілеген жігіттің видеосы тарады

"Базар жоқ, өтті". Желіде туған күнінде Головкиннің жеңісін тілеген жігіттің видеосы тарады
Фото: TikTok

Өз туған күнінде Геннадий Головкин жеңуін тілеген жігіттің видеосы Желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"- Геннадий ұтып кетсін! Әумин!

- Дұрыс тілек айтшы.

- Дұрыс тілек қой. ...Басқа тілегім жоқ", - дейді видеодағылар.

@burkitovaidyn7 #ggg #gggпобеда #галовкин#казахстан?? #боксёр#бокс ♬ оригинальный звук - Айдын Буркитов

Желі қолданушылары жігіттің тілегіне тәнті болған.

"Бүкіл қазақтардың уайымы", "Базар жоқ, өтті", "Тілектің ең биігі", "Ең күшті тілек", "Міне, нағыз жанкүйер", - деп жазды пікір білдірушілер.

Айта кетейік, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 18 қыркүйекте өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бұған дейін олардың жекпе-жегінің біріншісі даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді.

Еске салайық, Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова