"Бала шошымасын деп жай үреді". TikTok-та хит болған ит

Желі қолданушыларын ақылды иттің видеолары тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok-та Шахноза Байғанинқызы атты қолданушы ақылды иттің видеоларын жариялайды. Оның 47 мыңнан аса оқырманы бар. Әдетте оқырмандардың өздері иттің видеосын сұрайды. Мәселен, бір Желі қолданушысы "ит туралы видео сала беруін" сұраған.

Ал автор жауап ретінде ит кішкентай балалардың көзінше қатты үрмейтін видеоны жариялаған. Бұл видео 19 мыңнан аса қаралым жинаған. Ал иттің аты - Симба.

"Кез келген кішкентай баланы қорғайды. Бала шошып кетпесін деп қатты үрмейді", - делінген видеода.

@shakhnozabaiganinovna Ответ пользователю @ricardookaka_1 ♬ оригинальный звук - Шахноза Байганинқызы

Желі қолданушылары иттің ақылдылығына таңғалған:

"Дауысын өзгерткенін айтсай", "Ақылды өзі, жарайсың, ит - адамның досы", "Кейбір адамдардан осы ит ақылды", "Керемет ит екен", - деп жазған пікір білдіргендер.

TikTok-та Симбаға тамақ берген, ойнаған видеолар да көп қаралған.

@shakhnozabaiganinovna Ответ пользователю @bekbek0597 ♬ оригинальный звук - Шахноза Байганинқызы
@shakhnozabaiganinovna Ответ пользователю @joniqon ♬ оригинальный звук - Шахноза Байганинқызы
@shakhnozabaiganinovna Ответ пользователю @zero.clash ♬ оригинальный звук - Шахноза Байганинқызы

Симбаның бір видеосы 2 миллион, енді бір видеосы 1 миллион 900 мың қаралым жинаған.

@shakhnozabaiganinovna Ответ пользователю @ulan.7979 ♬ оригинальный звук - Шахноза Байганинқызы

1 миллион 900 мың қаралым жинаған видеода ит қол бергенге жауап беріп, амандасады. Сондай-ақ, видео авторы "бұл ит полицейлердің арнайы үйретілген иті" дегендерге жауап берген.

"Білмей жатып үкім шығара бермеңдер. Әкем бала кезінен қанша еңбекпен тәрбиелеген", - деп жазған ол видеода.

@shakhnozabaiganinovna Ответ пользователю @dorama.qazz ♬ оригинальный звук - Шахноза Байганинқызы

Иттің бір видеосы 7 миллион қаралым жинаған. Онда ит қазақша айтылған нұсқауларды орындайды.

"Қазақша тәрбиеленген итім", - делінген видеода.

@shakhnozabaiganinovna

♬ оригинальный звук - Шахноза Байганинқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!