Желі қолданушыларын Тоқаевтың ерекше портреті тәнті етті

Суретші Рауаж Алдаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың портретін ерекше әдіспен салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рауаж портрет салуға картоннан жасалған қорап пайдаланған. Ол оны қайшының көмегімен кесіп, қара қарындашты пайдаланып, Президенттің портретін салған.

Әлеуметтік желі қолданушылары жас дарынның шығармашылығына тәнті болған. Сурет салу барысы көрінетін видео TikTok-та 1,5 миллион қаралым жинаған.

Рауаж Алдаров Алматы облысында туған. Ол денсаулығына байланысты мектепті биыл 20 жасында бітірген. Рауаж бала кезінен сурет салумен айналысады. Ол өз жұмысын TikTok желісінде жариялап тұрады. Бүгінде оның миллионнан аса оқырманы бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!