Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалында жеңіліп, екінші рет күміс медаль алды

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Азияның екі дүркін чемпионы 72 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, америкалық Амит Элормен белдесіп, 0:10 есебімен жеңілді. Осылайша, Бақбергенова әлем чемпионатында қатарынан екінші рет күміс жүлде алып отыр.

Осыған дейін 60 келіге дейінгілер арасында Айдос Сұлтанғали құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған еді. Қола медаль үшін өткен бәсекеде Сұлтанғали венгриялық Кристиан Кечкеметиден айласын (7:1) асырған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!