"Басқасына көңілі көншімейді екен". Роза Әлқожа қызына ерекше сый жасады

"Басқасына көңілі көншімейді екен". Роза Әлқожа қызына ерекше сый жасады

Белгілі әнші Роза Әлқожа Instagram-парақшасында қызына жаңа көлік алып бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, көлікті қызын қуанту үшін бір жағынан туған күні қарсаңында сыйлаған.

"Мен өзі аяқастынан шешім қабылдап, ол орындалмаса өзін-өзі жазалайтын қазақпын ғой! Қызымды қуанту үшін алдында "көлігімді берейін. Құр жүрме, жүргізушілікті оқып ал. Сосын жақсы жерлерге жақсы көңіл күймен барасың" дегенмін. Одан соң ол көлікті сататын болып қалдық та, қыздың көңіл күйі нөлге түсті тағы. Алда туған күн. Байқасам көліктен басқа сыйлыққа көңілі көншімейді екен. Ал содан амал жаса! Өзім Еуропадан шамалы суықтап келіп, екі күн үйде жаттым. Одан екі күн Өскеменге жоспарлап қойғам. Өзгертейін десем, билет бітіп кеткен! Содан көршім келе қалды. Соған айтып едім, "үйге алаңдама. Бәрін өзім жасаймын, келген қызметкерлерге қараймын" деді. Жөндеу жаңа біткен. Сырттағы заттарды кіргізу де оңай болмады. Сондайда күйеуімнің айтатыны "бұныкі абырой, қара жұмыс біздікі" деп. Тап солай болды. Жолда жүріп емделіп, жолда жүріп ұйымдастырып, ақыры нәтижеге қол жетті! Ал банкте ақ құлақтардан қазақша сөйлегеніміз үшін қалай сөз естігеніміз, көлік иесі айнып қалып, көлік іздеп кеткеніміз ол бір хикая!" - деді ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roza ALKHOJA (@roza_alqozha)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова