Ақтауда бетперде таққандар жігітті сабап тастады: істің жай-жапсары

Ақтауда бетперде таққандар жігітті сабап тастады: істің жай-жапсары

Ақтаулық полицейлер екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде бетперде таққан жастардың балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан видео тараған болатын.

"Екі дерек бойынша да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Екі оқиға да Ақтау қаласында әртүрлі уақытта болған. Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Күдікті ретінде 16 және 21 жастағы ер адамдар ұсталды. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова