Түркістан облысында оқушылар жанжалдасты: бір адам қаза болған

Түркістан облысында оқушылар жанжалдасты: бір адам қаза болған

Түркістан облысында оқушылар арасында жанжал шығып, салдарынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Түркістан облысы ПД кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы ПД басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері шықты.

Түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында тұрмыстық негізде жанжал туған. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Күдіктілерді ұстау бойынша басқа да шұғыл шараларды іске асырды.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылып жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Бүгінде елді мекендегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина