"Астанавитесь". Қазнетте Астана атауының оралуы әзілге айналды

"Астанавитесь". Қазнетте Астана атауының оралуы әзілге айналды
Фото: http://memesmix.net

Елорданың бұрынғы атауы Астананы қайтаруды Желі қолданушылары жақсы қабылдады. Көпшіліктің өзгерісті қалай қабылдағанын тек жазбалардан ғана емес, сонымен қатар, түрлі карикатура, өңделген видео мен суреттер арқылы көруге болады. Massaget.kz тілшісі бұл туралы Желіде жарияланған түрлі әзіл видеолар мен мемдер топтамасын ұсынады.

Қызық жазбалар топтамасын Instagram-парақшаларында пайда болған мемдерге беруді жөн көрдік. Бұл видеода "Астаналықтардың қазіргі реакциясы" деп жазылған. 

"Астананың оралуы (Камбек Астаны)" - делінген видео жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ShalMustBGone (@shalmustbgone)

Екінші жазбада бұдан бірнеше жыл бұрын пайда болған Oyan Qazaqstan қозғалысының "Мен ояндым" видеосына "Депуттаттар бүгін" деп жазып, оны қайта өңдеген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Abay QonanDoyle (@qonandoyle)

Бұл жазбада Нұрсұлтан Әбішұлының суретіне "АСТАНАвитесь" деген жазу тіркеген. "Астанавитесь" орыстың остановитесь, яғни тоқтаңыз деген мағынада беріліп тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Or mem (@or_mem___)

Бұл суретті де Instagram-да мем шығаратын парақшалардың бірі жарияланды. Жазбаға желі қолданушылары "Галя, у нас отмена" деп пікір қалдырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Or mem (@or_mem___)

Кезекті мем билеттер жайында болмақ. Суретте "Билетті Нұр-Сұлтанға алдым, бірақ Астанаға ұшып келемін" делінген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Or mem (@or_mem___)

Ал бұл жазбаға Серік Мұсалиевтің "Менің Қазақстаным" әнін қолданған. Оның қайырмасында "Сәлем, еркін құсым, елордам - Астана" делінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оян Нео (@oyan_neo)

Келесі кезекті мем топтамасын Twitter желісінен жинадық. 

"ҚР Мәдениет министрлігі "нұрсұлтандық" сөзін қорлайтын сөздер қатарына жатқызды. Енді қазақтың өз "Н-сөзі" бар", -делінген мына жазбада.

Ал мына жазбада "Астана, Ақмола, Целиноград, Нұр-Сұлтан - Светланы Владимировна Богатыреваның түрлері" делінген. 

Келесі жазбада дүниеге келген жері - Астана, тұратын мекені мен көшіп кету себебі - Нұр-Сұлтан деп жазылған. 

Бұл жазбада Астанаға түрлі қосымшалар қосқан. 

Мына жазбаны түсіндірмесе де түсінікті сияқты. Нұрсұлтан Әбішұлының жеке куәлігін қолдан жасап, тегін Ақмолаев, атын Астана, әкесінің атын Целиноград деп беріпті. 

Бұл видеода алдымен Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтің Астана атауын қайтару туралы берген пікірін қойған, кейін видео Нұрсұлтан Әбішұлының айтқан әзіліне ауысады. 

Келесі мем астаналар ойынының көрінісі. Ойын шарты бойынша, қатысушылар сөздің кейінгі әрпінен басталатын астана атауын айту керек. 

Ал бұл TikTok-та жарияланған видеолар. Мұнда алдымен елорда Нұрсұлтан Назарбаев кейпінде, кейін атау қайта ауысқаннан кейін бойжеткеннің кейпіне енеді. 

@magnificum9 Смешно правда? #астана #казахстан #нурсултан #2022 #рек #прикол #мем ♬ оригінальний звук - filmzeditsss

Кейінгі шыққан жаңалықтарды жібермей оқитын болсаңыз, Президент қасында тұрған адамның кім екенін білетін боларсыз. Бұл екі күн бұрын болған кездесуде түсірілген видеодан пайда болған мем. 

@shalmustbgone Амено #папафранциск #токаев #астана #мемдер ♬ original sound - Shal Must B Gone

Ал бұл видеоны әуесқой Желі қолданушысы өзі өңдеп шығарған. 

@becomepresident Новый кандидат в Президенты ? #нурсултан #астана ♬ оригинальный звук - Асылбек Президент??

"Симпсондар" мультфильмінің үзіндісін пайдаланған мына видеода Абрахам Симпсон есіктен кіріп, баскиімін шешіп, оны іліп, қайта киіп шығып кетеді. Неге келді? Неге кетті?

@shalmustbgone 3 года кринжа закончились #астана #назарбаев #токаев ♬ original sound - Shal Must B Gone

Мемдер топтамасын "Жігіттер" комикс-сериалының кейіпкері бар видеомен аяқтауды жөн көрдік. Желіде бұл дауыс трендке айналды. Онда "Мен мықтырақпын, ақылдырақпын, күштірекпін! Мен күштімін!" делінеді. Ал мем жазбасында Астана атауының қайтарылуын қолдаған Тоқаев өзін осылай сезінетін шығар делінген. 

@danialnyi Я не против вернуть «Астану» но не стоила его менять ещё в 2019#астана #токаев ♬ оригинальный звук - ?????????

Еске салайық, бұған дейін Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл ұсынысқа қатысты пікір білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек