Тоқаев Өзбекстанға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!