Павлодар облысында тоғыз оқушы мектеп асханасынан уланып қалды

Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысы уланып қалды. Төрт бала ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер улану мектеп асханасынан түскі ас ішкеннен кейін басталғанын айтады. Тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқыс оқиға Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде болған. 

Балалар жүрек айну, құсу, іш ауруы және дене қызуының көтерілуі сынды шағымдарға сәйкес аудандық ауруханаға, бес бала амбулаториялық емделуге жіберілді, төртеуі облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Санэпидемиологтардың айтуынша, балалар мектепте уланған.

"Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі аталған оқу орнындағы тамақтану қызметі "Абуев" ЖК-ға жүктелгенін айтады.

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты адамдарға қатысты шаралар қабылданатын болады", - делінген Павлодар облысының білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!