Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы құжатқа қол қойды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", -  деп жазылған Өкім мәтінінде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!