ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мінген ұшақ Нұр-Сұлтан әуежайына қонды

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мінген ұшақ Нұр-Сұлтан әуежайына қонды
Фото: ©Ақорда

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің әуе борты Нұр-Сұлтан әуежайына қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің әуе борты елорда әуежайына қонды", - делінген хабарламада.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш