Нұрлан Сабуров әйелімен қалай танысқан?

Нұрлан Сабуров әйелімен қалай танысқан?
Фото: Instagram/ saburova_diana

Әзілкеш Нұрлан Сабуров әйелімен қалай танысқанын айтты. Оның айтуынша, әйелінің екіқабат екенін SMS арқылы білген. Ол кезде ерлі-зайыпты 20 жаста болған. Massaget.kz танымал адамдардың махаббат хикаясын баяндайды.

Нұрлан мен Диана университет кезінде танысқан. Әзілкеш Екатеринбургте мектепті тәмамдап, Орал федерал университетіне дене шынықтыру факультетіне түскен, жары Диана да сол мамандықты таңдаған. Бірге алғаш рет 2005 жылы суретке түскен. Бірақ қарым-қатынастары араға 7 жыл салып, 2012 жылы басталған. Әзілкеш Диананың жүкті екенін дәрісте отырғанда білген. Қыз мұны SMS арқылы хабарлаған.

"Отбасымды асырау үшін оқуымды тастап, әзілмен айналысуға тура келді. Кештерде, жергілікті барларда өнер көрсеттім, жүк тиеуші, бариста болып жұмыс істедім. Тойымызды кейін жасадық, көйлек Диананың ішін жасыру үшін таңдалды. Сол кезде Диананың жүкті болғанына 6 ай еді", - деді Сабуров Дудьке берген сұхбатында.

Әзілкеш "Что было дальше?" бағдарламасында енесі қалай көлігін соққанын айтып берген. Оның айтуынша, соққыдан жаңа Lexus көлігінің түгі қалмаған.

"Әйелім хабарласып, сөйлесе аласың ба деді. Бірден ішім бірнәрсе болғанын сезді. Саған айтарым бар деп бастады. Артынан енемнің өкіріп жылап жатқанын естідім. Тыңдап тұрмын дедім. Анам көлігіңді сырып алды дейді. Көлігіме қалай отырғандарын мүлде түсінбедім, кілтті өзім алып кеткем. Келіп қарасам, көлігімнен түк қалмапты. Көше бойындағы бағаналар да қисайып тұр. Жақсы, ештеңе етпес дедім де қойдым", - дейді Сабуров. 

Қазір Ресейдің Мәскеуінде тұрып жатқан ерлі-зайыпты Мадина мен Тагир есімді бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек