"Арманнан тыс". Ninety one тобы мүшесінің жаңа суреті Қазнетті тәнті етті

Ninety one тобының мүшесі ZAQ жаңа сурет жариялап, Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ZAQ лақап атымен танымал Дулат Мұхаметқали Instagram-парақшасына жаңа сурет жариялады. Сурет Алматы тауларында түсірілген, ал әртіс қолына "темір қолғап" киіп алған. 

"Арманнан тыс (Beyond dreams)", - делінген жазбасында.

Желі қолданушылар әншінің жаңа образына сүйсініп, пікір қалдырған. Кейбірі бұл суреттердің жаңа шығатын бейнебаянға қатысы бар деп болжайды. 

"Ғажап", "Жаңа бейнебаян шығатын сияқты ғой", "Тұрысының өзі керемет қой, Палуан", "Суреттері от боп шығыпты", "Краш қой", "Сондай сымбатты", "Неге сонша әдемі?", "Креатив суреттер екен", - деп жазды пікір білдірушілер. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!