- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құдаларда арман жоқ"....
"Құдаларда арман жоқ". Айнұр Тұрсынбаева ұлының тойын яхтада жалғастырды
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркияда ұлы Бекланның тойын дүркіретіп жасады. Ол Instagram-парақшасында той яхтада жалғасқанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Достар, бүгін тойымыз яхтада жалғасады. ...Құдаларымызды күтіп алдық. Менің свежий құда-құдағиларыма реакцияларыңызды аямаңыздар!" - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Яхтадағы тойда ән шырқалған, би биленген. Сондай-ақ, "Алатау серілері" тобы да өнер көрсеткен.
"Яхтадағы тойымыз қызып жатыр. Ыстамбұлдың төрінде қазақ әнін әуелетіп жатырмыз. "Алатау серілері" нағыз рухты әндерін сыйлады", - деді ол Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тойда Мейрамбек Бесбаев, Индира Расылхан, Тұрсынбеков Қабатов сияқты танымал адамдар да бой көрсеткен. Сонымен қатар, айтыскер ақын Балғынбек Имашев жастарға тілек айтып, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан айтысқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, тосынсый ретінде отшашу атылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары сурет-видеолардан Ыстамбұлда болғандай әсер алғанын жазып жатыр.
"Түнімен тойда болдық, енді құдалықта отырмыз", "Кешелі бері сіздерменбіз. Түнімен Түркияда той тойладық гауһар тас тақпасақ та", "Кеше тойда жүрдік, енді бүгін ұйықтамай яхтада жүретін болдық қой", "Мәссаған, құдаларда арман жоқ шығар", "Керемет мың жылдық құда болыңыздар, баласы үшін жан-тәнімен адалынан аянбай жатқан ана жүрегінен айналдым, Айнұр ханым", "Ойбай-ай, арман жоқ шығар, ә", "Ұзағынан сүйіндірсін", - деп жазып жатыр пікір білдірушілер.
Айта кетейік, мамырда Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан келін әкеліп, бұл қуанышты жаңалықты әртістің өзі Желідегі парақшасында жазған еді.
Еске салайық, бұған дейін айтыскер ақын ұлының тойын Түркияда дүркіретіп өткізгені хабарланған болатын. Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, той Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткен. Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева белгілі әншіге тойдан ерекше сый жасаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова