Күйеуі мен әйелінің жас айырмашылығы көп болса қандай қауіп болатыны айтылды

Ерлі-зайыптылардың жасында үлкен айырмашылық болуы кейде түсініспеушіліктер тудыруы мүмкін. Күйеуі мен әйелінің жас айырмашылығы айтарлықтай болса да, некеде барлығын ашық талқылайтын жұптар үшін бұл мәселеде қиындық болмауы мүмкін. Бұл туралы психолог Владимир Крупин "Вечерний Москваға" берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды lenta.ru.

Психолог "Дом-2" реалити-шоуынан танымал жұптың - 38 жастағы Надежда Ермакова мен 22 жастағы Даниэль Чистовтың жақында үйленгенін айтып, жасында 15 жыл айырмашылық бар отбасылар екі түрлі буынға жататынын айтты. Ол бұл жағдайда өмірге деген көзқарас, мүдделер мен идеялардың түрлі болары сөзсіз дейді.

"Отбасыда әйелдің жасы үлкен болса, ол үстемдікке ұмтылады. Көп нәрсе ғашықтардың қарым-қатынасына байланысты. Әрине, тең қарым-қатынас құрай алса, онда бұл өте жақсы", - деп түсіндірді ол.

Крупиннің айтуынша, тіпті мұндай жас айырмашылығының өзінде, ерлі-зайыпты талаптарын ашық білдіре алса, онда берік отбасын құруға болады.

"Некеде серіктестердің жас айырмашылығы өз қалауын дұрыс жеткізе алмағанда көрінеді. Мұндайда ашуға бой алдырып, ауыр жанжалға ұласуы мүмкін", - деді ол.

Психолог егер қарым-қатынаста серіктестер өздеріне ұнамайтын нәрсе туралы жиі сөйлессе, олар некені сақтап, қиындықтардан аулақ болатынын айтады.

"Ештеңені болжауға тырыспаңыз. Өз талабыңызды білдіріп, жаман адам болмайсыз. Мұны істеу үшін қорқудың немесе ұялудың қажеті жоқ", - деді маман.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!