ШҚО-да ломбард қызметкері 12,5 миллион теңге жымқырған

Өскемен қаласында ломбард қызметкері 12,5 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемендегі ломбардтардың бірінің директоры полицияға хабарласқан.

Ол жалған кепіл билет жасап келген ломбард менеджерінің кассадан 12 500 000 теңгеден аса ақшаны жымқырғанын айтқан.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу кезінде әйел адам өз кінәсін мойындаған. ЖШС-нің 37 жастағы менеджері ақшадан қысылғандықтан осындай қадамға барғанын айтты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!