Тоқаев пен Рим Папасы екіжақты кездесу өткізді

Тоқаев пен Рим Папасы екіжақты кездесу өткізді
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рим Папасы Франциск екіжақты кездесу өткізді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонаққа зор ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу туралы шақыруды қабыл алғаны үшін Рим Папасына алғыс айтты.

Бұған дейін Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанға келгенін жазған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш