ҰҚШҰ Армения мен Әзербайжан шекарасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

ҰҚШҰ Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысқа қатысты күш қолдану орынсыз екенін мәлімдеді. Бұл туралы ҰҚШҰ сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2022 жылғы 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында ауыр қару-жарақ пен ұшқышсыз ұшақ қолданылған әскери қақтығыстар болды. Салдарынан қаза болғандар мен жаралылар бар.

Біз күш қолдануды орынсыз деп санаймыз. Келіспеушіліктерді реттеу үшін Әзербайжан, Армения және Ресей басшыларының 2020 жылғы 9 қарашадағы, 2021 жылғы 11 қаңтар мен 26 қарашадағы мәлімдемелерінде бекітілген саяси-дипломатиялық әдістер мен уағдаластықтар ғана пайдаланылуы тиіс.

Ресей Федерациясының 13 қыркүйектің 9.00-нен бастап байланыс желісіндегі атысты тоқтатудағы делдалдық күш-жігерін жоғары бағалаймыз.

Армян тарапының ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесіне Армения Республикасына көмек көрсету туралы үндеуіне байланысты Ұйымның хатшылығы ҰҚШҰ Біріккен штабымен бірлесіп, жағдайды реттеу үшін ҰҚШҰ тетіктерін іске қосу жөніндегі жұмысты ұйымдастырды.

Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін армян-әзербайжан шекарасында атыс басталғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, Армения Қорғаныс министрлігі өкілі Әзербайжан Қарулы күштері артиллерия мен дрондарды қолданып, армян аумағына оқ жаудырғанын мәлімдеді. Өз кезегінде Әзербайжан тарапы бұл хабар абсурд екенін атаған еді. Сондай-ақ, Әзербайжанның Қарулы күштерімен түнгі шайқас барысында Арменияның 49 әскери қызметкері қаза тапқан болатын. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеген еді.

Айта кетейік, TikTok-парақшамызда Әзербайжан мен Арменияға қатысты видео жарияланған еді. 

@massaget.kz Соғыс бола ма? #Әзербайжан #Армения #Карабах #Азербайджан #Қарабақ #рек #massaget ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!