Ақтөбеде құдаларға арналған сыйлық қолды болды

Ақтөбеде құдаларға арналған сыйлық қолды болды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде ұрылар құдалыққа арналған сыйлықты қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйектің басында ұрылар үй иелерінің той қамымен мейрамханада жүргенін пайдаланып, үйді тонап кеткен. Қаскүнемдердің олжасы құдаларға арналған кәде сыйлықтар мен зергерлік бұйымдар болған.

Ақтөбенің аумағында осыған ұқсас бірнеше пәтер ұрлығы тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек