Тоқаев БҰҰ Жоғары өкілін қабылдады

Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің күн тәртібіне және Қазақстан мен БҰҰ Өркениеттер альянсы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы Мигель Анхель Моратиносқа Қазақстанға келгеніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Сондай-ақ Альянстың бейбітшілік, төзімділік мәдениетін ілгерілету мен адамдарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

БҰҰ Бас хатшысының Жоғары өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, жиын нәтижелері бейбітшілікті, келісімді және дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!