Ақтөбелік әйел инвестициялық жобаға қаржы саламын деп сан соғып қалды

Ақтөбелік әйел инвестициялық жобаға қаржы саламын деп сан соғып қалды
Фото: elements.envato.com

Ақтөбелік әйел 6 миллион теңгеден аса қаражатынан айырылып қалды. Оны алаяқтар алдап кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, белгісіз біреу 55 жастағы әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстырып, инвестициядан ақша табуды ұсынған. Жәбірленуші әйел телефондағы қосымша арқылы қаскүнемдер көрсеткен шотқа 6,7 миллион теңге ақша салған.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу басталды және күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина