Анасы мен сәбиі бірге ұйықтағаннан қандай қауіп бары айтылды

Анасы мен сәбиі бірге ұйықтағаннан қандай қауіп бары айтылды
Фото: еlements.envato.com

Аналар баласымен бірге ұйықтау идеясынан бас тартуы керек, өйткені бұл қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы педиатр, медицина ғылымдарының докторы Исмаил Османов айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"Ұйқы кезінде түрлі жағдай болуы мүмкін. Әйел баланы байқаусызда тұншықтырып алуы мүмкін", - деді педиатр Исмаил Османов.

Османов баланың өз кеңістігі, кереуеті болуы керегін айтты. Сәби ұйықтар алдында біраз уақыт анасының қасында бола алады, өйткені анасы оны емізуі, кітап оқуы немесе ән айтып беруі мүмкін. Бірақ, маман пікірінше, кейін сәбиді өз төсегіне жатқызу керек.

Сонымен қатар, педиатр мектеп жасына дейінгі балалар неге күндіз ұйықтауы керегін түсіндірді.

"Бұл өте маңызды процесс, өйткені күндізгі тынығу баланың иммунитетіне, тамағы қорытылуына және жалпы дамуына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан бала оқу басталғанға дейін тыныш демалуы керек", - деп түйіндеді Османов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова