БАҚ Кәмшат Жолдыбаеваны танымал актерге "қосып қойды"

БАҚ Кәмшат Жолдыбаеваны танымал актерге "қосып қойды"
Фото: Видеодан алынған кадр

Желі қолданушылары белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева мен танымал актер Ғазірет Ержанов жұп екенін жарыса жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-да екеуінің тойда билеп жүрген видеосы тараған. 

"Бұған дейін Кәмшат пен Ғазреттің қол ұстасып жүрген видеосы тараған еді. Онымен қоса, көпшілік соңғы кездері Жолдыбаеваның жабық киініп, қылықтары өзгергенін байқады. Мұны Кәмшаттың өмірінде ер адамның пайда болуымен байланыстырды", - деп жазады kznews.kz басылымы.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Кәмшаттың стилінде өзгеріс барын айтса, енді бір бөлігі жарасымды жұп екенін жазған.

"Махаббат не істетпейді? Бүкіл Қазақстан болып киіндіре алмап едік осы қызды, бір жігіт келіп киіндірді", "Мына жігіт жақсы болды-ау. Жабық киіндіріп", "Етек-жеңін жинатқан жігітке риза болдық", "Өте жарасымды жұп", "Бақытты болсын", "Әдемі жұп", - деп жазған Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова