"Қалыңдық қашты". TikTok-та той көйлегін киген қыз қашқан видео тарады

TikTok-та қалыңдық көйлегін киген қыз қашып, оның артынан жігіт қуып бара жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Мадияр Керімбек есімді, қолданушы жариялаған. Ол видеоға Түркістан деген хештег қосқан. Сондай-ақ, пікір білдірушілердің сөзінше де, видео Түркістанда түсірілген.

@madiyarkerimbek #туркестан#врек #говорящиевещи ♬ оригинальный звук - Madiyar Kerimbek

Видеоға түрлі пікір жазылған. Басым көпшілігі пранк деп ойлаған.

"Пранк шығар", "Түркістан ғой", "Бірінші отбасылық айқай", "Не істеп жүр мыналар?", "Қалыңдық қашты", "Пранк қой мынау", - деп жазған Желідегілер.

Сондай-ақ, пікір білдіргендердің арасында осы оқиғаның куәгерлері де болған.

"Мұны әдейі love story үшін түсірген. Қасында болдық", - дейді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!