Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті

Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті
Фото: Фото: Instagram / uralsk.lider.kz

Оралда балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар үйінде болған.

"10 қыркүйек шамамен сағат 11.30-да 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченко белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Ерекше белгілері: М.Федуллев арықша келген, бойы 160-165 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Н.Харченко да арықша келген, бойы 145-150 сантиметр, шашы ашық-сары, қысқа. Оларды көрген адамдар болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласа алады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Жасөспірімнің екеуі де 20-мектепте оқиды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова