Қарағандыда көлігімен ғимаратқа кіріп кеткен әйел оқиға орнынан кетіп қалған

Қарағандыда көлігімен ғимаратқа кіріп кеткен әйел оқиға орнынан кетіп қалған
Фото: видео кадры

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желіде видеосы тараған көлік жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомсвто мәліметінше, жексенбіге қараған түні Қарағанды қаласының 28 жастағы тұрғыны асқан жылдамдықпен келіп, қоғамдық тамақтандыру ғимаратына кіріп кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынып, үйге жетуге тағы бір әрекет жасаған. Жүргізуші бір шағынаудан маңында ұсталды. Әйел медициналық тексеруден өтуден бас тартқан.

"Полицейлер бұл деректі тіркеп, оған барлық материалдарды жинап, Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберді. Кезекші судьяның қаулысы бойынша, ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі, 611-бабы 2-бөлігі және 613-бабы 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықтар үшін жиырма сегіз жастағы қала тұрғынына 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, құқықбұзушы кафе иесіне келтірілген залалды төлеуге мәжбүр болады", - делінен хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан