"Керексіздер". Маңғыстауда басқарма басшысы жедел жәрдем қызметкерлеріне үн қатты

"Керексіздер". Маңғыстауда басқарма басшысы жедел жәрдем қызметкерлеріне үн қатты
Фото: Әлихан Сариев

Маңғыстау Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Аманбек Жұмыров жедел жәрдем қызметкерлеріне үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК медицина қызметкерлері ҚР 1193 ҮҚ еңбекақысына сәйкес жалақы алады.

Наурызда Қадағалау кеңесінің хаттамасы негізінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысына 10-40 мың теңге көлемінде қосымша үстемеақы тағайындау туралы қорытынды шыққан. Еңбек шарты бойынша жалақы ай сайын онына дейін төленеді. Қыркүйекке дейін барлық жалақы төлемдері 5-інен 7-сіне дейін жүргізілген. Тамыздың үстемақысымен толық жалақыны төлеу 12 қыркүйекте жүргізіледі", - деді Жұмыров.

Аманбек Жұмыров ультиматум талаптар қою арқылы жұмысқа барудан бас тарту заңға қайшы әрі әдепсіз қылық екенін атап өтті.

"Заңсыз ереуілге байланысты (4-санат) жедел жәрдем бригадалары Ақтау қаласындағы 1-4 санаттағы шұғыл шақыруларға қызмет көрсету үшін бөлінді. Мұндай әрекеттер Маңғыстау облысы тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Арандатуға берілмеу керек, сіздер халыққа керексіздер. Баршаңызды парасатты болуға шақырамын", - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысы.

Еске салайық, бұған дейін облыстық жедел жәрдем станциясында жүргізушілер мен фельдшерлер жұмысқа шықпай қойғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан