Қостанайда пара алды деген судья қамауға алынды

Қостанайда пара алды деген судья қамауға алынды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанайда ұсталған судьяға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы бір күн бұрын, 9 қыркүйекте шығарған.

Қостанай облыстық сотының күдікті қызметкері Асқар Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалғаны хабарланды.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Асқар Дарбаев тамызда ірі көлемде пара алып жатқан жерінде ұсталған.

ҰҚК Тергеу департаменті "аса ірі көлемде пара алу" бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан