II Елизавета патшайымды жерлеу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаны жерлеу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте Вестминстер аббаттығында өтеді. Бұл туралы Букингем сарайы Twitter-де хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Патшайымды жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте таңғы сағат 11.00-ге жоспарланған. Королева Виндзор қамалының аумағындағы әкесі король VI Георгтың мемориалдық шіркеуінде жерленеді.

II Елизаветаны жерлеу күні Ұлыбританияда демалыс жарияланған.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 8 қыркүйекте 96 жасында дүниеден өтті. 2022 жылы патшайымы II Елизаветаның тақта отырғанына 70 жыл толды. II Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда әкесі король VI Георг қайтыс болғаннан кейін 25 жасында патшайым болған.

@massaget.kz Ендігі тақ мұрагері кім? #Ұлыбритания #елизавета2 #королева #патша ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!