ІІІ Чарльз ресми түрде Ұлыбританияның патшасы болып жарияланды

ІІІ Чарльз ресми түрде Ұлыбританияның патшасы болып жарияланды
Фото: nstagram.com/theroyalfamily

ІІІ Чарльз ресми түрде Ұлыбританияның жаңа патшасы болып жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі theguardian.com басылымына сілтеме жасап. 

Рәсім Лондон орталығындағы Сент-Джеймс сарайында өтті. Кезекті декларацияға ханзада Уильям, консорт-патшайым Камилла, премьер-министр Лиз Трасс және Кентерберидің архиепископы қол қойды.

Фото: BBC

Алғаш рет теледидардан көрсетілетін рәсімге бұрынғы премьер-министрлер Борис Джонсон, Джон майор, Гордон Браун, Дэвид Кэмерон және Тереза Мэй қатысты.

Фото: Kirsty O’Connor/PA

Айта кетейік, бұған дейін ІІІ Чарльз тәжді ресми киетін рәсімі таққа отырғаннан кейін бірден өтуі екіталай екені айтылған. Өйткені рәсім үлкен дайындықты қажет етеді. Мысалы, патшайым ІІ Елизавета 1952 жылғы ақпанында монарх болғанымен, 1953 жылғы маусымында ғана тәж киді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек