Мемлекет басшысы Абай облысының өртсөндірушілерін марапаттады

Мемлекет басшысы Абай облысының өртсөндірушілерін марапаттады
Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан өртсөндірушілерді "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;
  • Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

"Ерлігі үшін" медалімен:

  • Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, өртсөндіруші Айдос Тоғызбаев 7 қыркүйекте Абай ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек