Алматыда итті қылғындырып, ұрған тұрғын ұсталды

Алматыда итті қылғындырып, ұрған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адамның қатыгездікпен жасаған әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болған. Кадрларға қарағанда, алматылық итті қарғыбаумен қылғындырған. Ер адам иттің басын жерге бірнеше рет ұрып соғады. Видеоның сипаттамасында оқиға 9 қыркүйекте болғаны жазылған.

Polisia.kz мәліметінше, бұл - "Сайран" шағынауданының тұрғыны, 1986 жылы туған. 

"Әуезов аудандық ПБ-ның хабарлауынша, видеодағы ер адам ұсталды. Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білікті, заңды түрде бағаланатын болады. Ер адам істеген ісі үшін жазасын алады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!