Демалыс күндері қайда баруға болады?

Демалыс күндері қайда баруға болады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жаз бітті. Көпшілігі жаздың әсерінен әлі шыға алмай жүргені жасырын емес. Қыркүйектің алғашқы демалыстарында қайда баруға болады? Massaget.kz тілшісі демалыс күндері баруға болатын жерлерді жинады.

Ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронтал бөліктер өтуіне байланысты 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаууы мүмкін. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 10-12 қыркүйекте түнде батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстікте, сондай-ақ, орталықта 1-3 градус үсік күтіледі.

1. Ethnotronica Almaty

Күздің ең басты шарасы Ethnotronica Almaty электрон музыка фестиваліне Мажарстан, Грузия, Өзбекстан, Тыва, Тау Шориясы және Қазақстаннан ең үздің топтар мен солистерден бөлек, АRTballet би ұжымы (Өзбекстан, Қазақстан), TUMОR dance group (Өзбекстан) және Gzeba Georgian Dance (Грузия) өнер көрсетеді.

Үш сағаттық эксклюзив dance-шоу 10 қыркүйекте сағат 19.00-де қаланың басты open-air-алаңы - Абай даңғылындағы Республика сарайының алдында өтеді. Кіру тегін. 

2. Театрлардағы қойылымдар

1) М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 10 қыркүйекте сағат 19:00-де "Сара" қойылымы көрсетіледі. Мекенжайы - Абай даңғылы, 103. Кіру құны 600 теңге мен 1500 теңге арасында болады.

2) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 10 қыркүйекте сағат 18:30-да "Оян, қалыңдық", "Қызыл орамалды шынарым" және 11 қыркүйекте сағат 18:30-да №13 спектаклі қойылады.

3. Футбол шоу-матчы: "Алатау" командасы "Картоп" футбол клубына қарсы

Орталық стадионда "Алатау" футбол клубының "Картоп" футбол клубына қарсы футбол шоу-матчы өтеді. Онда Сека, Тәуекел Мүсілім, Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жанай және Қазақстанның басқа да танымал адамдар ойнайды. Сондай-ақ, барлық футбол жанкүйері үшін матчтың онлайн-трансляциясы болады. Өтетін орны: Орталық стадион, Сәтбаев көшесі, 29/3. Кіру құны 500 - 5000 теңге арасында болады.

4. Тауға, табиғатқа турлар

Күз басталса да, әлі күн суыта қойған жоқ. Осы орайда табиғат аясына серуендеуге, демалуға болады. Бұл қатарда Көлсай-Қайыңды, Шарын, Асы жайлауы тағы сол секілді көрнекі жерлер бар. Instagram-желісінде ақылы тур қызметін ұсынатын тур көп. Қалауыңыз бен қалтаңызға қарай таңдауға болады.

5. Түнгі кино көрсетілімі

Шатырдағы @open_cinema_almaty кинотеатры ашық аспан астында кешкі кинокөрсетілім ұсынады. Бірінші көрсетілім күн батқан кезде өтеді, қалған фильмдерді жұлдызды аспан аясында тамашалауға болады. Өтетін орны: Орманов көшесі, 7, байланыс телефоны: +7 700 650 49 86, ал кіру құны 3000 теңге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова