Бұрынғы КВН ойыншысы ұсталды

Бішкекте "Азия MIX" КВН-командасының бұрынғы ойыншысы Марат Джуманалиев (Маратик) ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Қырғызстанның МҰҚК өкілдері алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Ұсталғандар кінәсін мойындаған. 

Ведомствоның баспасөз қызметі күдіктілердің ұсталған сәтінен видео жриялады. Дереккөз мәліметінше, ұсталғандардың бірі - Марат Джуманалиев. Мемкомитет ресми түрде екі адам ұсталғанын жариялады: Д.М. С. және С.А. К. Басылым бірінші адамның аты-жөні әзілкештің атына сәйкес келіп тұрғанын атап өткен (Джуманалиев Марат Сапаржанович). 

Ұсталғандар 48 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!