Зеленский қанша жер ресейлік әскерден босатылғанын айтты

Зеленский қанша жер ресейлік әскерден босатылғанын айтты
Фото: ©REUTERS

Қыркүйектің басынан бері Украина Қарулы Күштері Украинаның мың шаршы шақырымнан аса аумағын босатқан. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский видеохабарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жалғасып жатқан қорғаныс операциялары аясында батырларымыз ондаған елді мекенді босатты. Бүгінде бұл қозғалыс өз жалғасын тапты, жаңа нәтижелер бар. Бірінші қыркүйектен бастап аумағымыздың мыңнан аса шаршы шақырымы босатылды", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Украинаға соғыстан келтірілген шығын көлемі аталған болатын. Бұл туралы Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль айтты. Оның сөзінше, Ресей келтірген залал 326 миллиард долларға бағаланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова