The Spirit of Tengri музыкалық ағынды іске қосты

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасы world music жанрында музыка ағынын қолға алды. Оны Tengrinews.kz қосымшасынан тыңдай аласыздар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Радиоарна плейлистінде Жер планетасының барлық континентінен қазіргі заманғы этникалық музыка бар. Тыңдармандар кез келген уақытта world music, фьюжн және қазақша, африкалық, кельт, үнді, кавказ, латын, славян және түрік этнотроникасын дәстүрлі және заманауи нұсқада тыңдай алады. 

The Spirit of Tengri ағынын Tengrinews.kz (iOS, Android) қосымшасынан "Тыңда" ("Послушай") бөлімінде тыңдауға болады. 

"The Spirit of Tengri-дің ұрандарының бірі - "Біздің үйіміз - Жер". Сондықтан жаңа ағынымыздың арқасында планетамыздың тұрғындарының басын қосуға тырысамыз. Радиоарнаны бастауға 300 түрлі елден ұжым жинадық, оның әрқайсы ерекше. The Spirit of Tengri фестивалінің үнін барынша мәңгі етсек, әрбір тыңдарман музыкадан және атмосферадан ләззат алса дейміз", - дейді музыкалық редактор Денис Максимов.

Еске салайық, осы сенбіде Алматыда The Spirit of Tengri жобасы аясында Ethnotronica Almaty электрон музык фестивалі өтеді. Үш сағаттық эксклюзив dance-шоу 10 қыркүйекте сағат 19.00-де қаланың басты open-air-алаңы - Абай даңғылындағы Республика сарайының алдында өтеді. Кіру тегін. 

Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль қала күніне орай Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді.  

Ethnotronica Almaty - бұл технология мен музыка тоғысында құрылған шоу. Оған сондай-ақ World music жанрының өкілдері Жомбор Фехер (Венгрия), Радик Тюлюш (Тыва), Чылтыс Таннагашева (тау Шориясы), Simi триосы (Грузия), Abbos топтары (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан) сияқты жарқын орындаушылары мен ұжымдары, қазақстандық электрон сахна әртістері: Нариман Исенов AlmaLogic жобасымен, Kokonja, Edige, Ruus және Layla-Qobyz (Қазақстан) жеке музыканттары, Nuketai және Айжан Бектұрған (Қазақстан) өнер көрсетеді.

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасының негізі 2012 жылы қаланған. Тамаша жарық және музыкалық қойылымның мақсаты - қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала халықтарының және бүкіл әлемнің мұраларымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестиваль барысында 80-нен аса елден жүздеген танымал музыкант пен ұжым келіп, қонақтар мен көрермен саны 120 мыңнан асты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!