Өскеменде үй кіреберісінде мектеп оқушысына шабуыл жасаған адам ұсталды

Өскеменде үй кіреберісінде мектеп оқушысына шабуыл жасалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Бұл жайт өскемендіктерді дүрліктірген. Шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда қыздың ішке кіріп бара жатқаны, оның артынан келе жатқан ер адам көрінген.

Полицейлер мектеп оқушысының сөзіне сүйеніп, қаскүнем жасөспірімге шабуыл жасап, аузын қолымен басқанын айтады. Қыз көмек шақырып үлгерген. Көршілер күдіктіні қорқытып жіберген. Ол қандай мақсатты көздегені тергеу барысында анықталатыны айтылды. Кейінірек ер адам ұсталған.

"Бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, ер адам анықталды. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Өскемен Полиция басқармасына жеткізілді. Дерекке қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!