Ұлыбританияның жаңа патшасы Елизавета II қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін жасады

Ұлыбританияның жаңа патшасы Елизавета II қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін жасады

Британия патшайымы Елизавета II 96 жасында өмірден өтті. Енді тақ оның ұлы ханзада Чарльздың қолына өтіп, ол Карл III есімін алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Карл III Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады. Содан соң ол ел ішінде патшайымды еске алу турына аттанады. 

Букингем сарайы жаңа патшаның Елизавета II қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесін жариялады.

Ол мәлімдемеде Чарльз III патшайымның қайтыс болуы өзі мен отбасы үшін "ең қайғылы сәт" екенін атаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The Royal Family (@theroyalfamily)

Елизавета патшайымның денесі 10 күннен соң жер қойнына табысталады. Оған дейін елде ұлттық аза тұту күні болады.

Патшайымның қайтыс болуына орай көптеген елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдады. Джо Байден, тіпті, өз мәлімдемесінде Елизавета II британ монархы ғана болып қоймағанын, ол тұтас дәуірдің бейнесін қалыптастырғанын атап өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова