"Қауіп бар": Жетісу облысында таулы жердегі өрт сөндірілді

"Қауіп бар": Жетісу облысында таулы жердегі өрт сөндірілді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясы маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт туралы ақпарат кезекші пультіне 8 қыркүйекте таңғы сағат 4.30-да түскен. Бастапқыда өрт аумағы 60 гектар болған. Қазір қылқан жапырақты орманға өрттің таралу қаупі бар.

"Сағат 9.49-да Талдықорғаннан ТЖД жеке құрамына 45 қызметкер мен 5 техника жіберілді. Өрт орнына дейінгі аралық 490 шақырым болды. Сағат 14.04-те "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы Талдықорған әуежайынан Алакөл ауданына ұшып кетті. 15.00-дегі жағдай бойынша өрт алаңы шамамен 100 гектар болған", - деді Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Өртті сөндіруге барлығы 125 адам, 6 техника, 20 аспалы бүріккіш және 5 жылқы жұмылдырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова