Алматы облысында өрт қойған ер адам өртсөндіруші болып шықты

2022 жылғы 7 қыркүйекте You Tubе-арнасындағы "Бәсе" парақшасында "МЧС поджигает Казахстан. Установлена личность поджигателя из Алматы" атаумен бейнеролик жарияланған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнероликте өртті ұйымдастырғандардың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Өтеулиев екені айтылған. Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 5 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің қызметкері, аға өртсөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Өтеулиев болып шыққан. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарған.

Ж.Е. Өтеулиевті Алматы облысы Жамбыл ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1-бөлімінің 440-бабы және 1-бөлімнің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Тексеру шаралары барысында Ж.Е. Өтеулиев құрғақ шөпті өртеу бойынша өз әрекетін түсіндіре алмаған, себебі ол қатты мас күйде болған. Қазір қызметтік тергеп-тексеру тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!