Димаш Құдайберген әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсіргенін айтты

Димаш Құдайберген әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсіргенін айтты
Фото: Instagram

Димаш Құдайберген әлемдегі ең қымбат бейнебаян түсіргенін айтты. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қымбатты достар, әлемдегі ең қымбат музыкалық бейнебаян The Story of One Sky атты жаңа композиция түсірдім. Бұл композицияны 3 жыл бұрын жаза бастадым. Композиция ұзақтығы шамамен 12 минут болады. Бұл видеоны қысқа музыкалық видео деп атауға болады. Бұл музыкалық фильмнің сценарийін өзім жаздым. Премьера жақын арада өтеді..." - деді ол Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қостанайда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмектесетінін жеткізген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова