"Осыны күттік қой". Айжұлдыз Адайбекова оқырмандарына күтпеген жаңалығын айтты

"Осыны күттік қой". Айжұлдыз Адайбекова оқырмандарына күтпеген жаңалығын айтты
Фото: Instagram

Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы блогер Айжұлдыз Адайбекова Instagram-парақшасында оқырмандарына жаңалығын жеткізіп, әншілікке бет бұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айжұлдыздың сөзінше, 13 жыл музыка мектебінде оқыған.

"08.09.2022. Бүгін алғашқы әнім шығады. Музыкамен бір ай жұмыс істедік. Сондықтан мен үшін бұл - жаңа тарау, жаңа қадам, бірақ таныс сезім, жақын сезім! 13 жыл музыка мектебінде оқып, оны көрсетпеу керек пе? Күнә, сондықтан әртіс болғым келеді, әрине, бастысы сіздердің қолдауларыңыз. Керемет болады. Сіздерді жақсы көремін және шынымен алаңдаймын. Бірақ біз бірге күш пен махаббат екенімізге сенемін", - деді ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)

Желі қолданушыларының басым көпшілігі осы жаңалықты күткенін жеткізген.

"Асыға күтемін", "Жаным, тек алға", "Аңыз оралды", "Бәсе, сізден осыны күттік қой, сіз секілді талант қалып кетпеу керек, өнеріңіз өрлей берсін. Ал дауысыңыз өте керемет, тыңдауға асықпын", "Сәттілік", - деп жазды пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова